Қауымдастық адресі: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67
Байланыс телефондары/факс: : +7727 272-10-21, 272-07-28, 272-49-37, 272-49-38.
E-mail:
Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек
Web: www.afk.kz
Байланысу үшін
Ұйымдық құрылым
Қауымдастықтың жоғары органы - Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы. Қауымдастықтың басқару органы - Қауымдастық Кеңесі, оның қызметкерлер құрамын Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы белгілейді.
Қызметті ұйымдастыру
1.Уәкілетті реттеуші мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру
2. Бірлестіктермен (қауымдастықтармен/одақтармен) және жекелеген қаржы институттарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
3. Халықаралық ынтымақтастық
Тарихи анықтама
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Қазақстан қаржыгерлері І конгресінің қарарына сәйкес 1999 жылдың мамырында құрылды.
Қауымдастықтың құрылтайшылары - екінші деңгейдегі аса ірі бес банк және Қазақстанның жетекші сақтандыру компанияларының бірі:
- «Қазкоммерцбанк» ААҚ;
- «ТұранӘлем банк» ААҚ;
- «Қазақстан Халық банкі» ААҚ;
- «Темірбанк» ААҚ;
- «Банк ЦентрКредит» ААҚ;
- «Қазақшетелдіксақтандыру» ЖАҚ.
ҚҚҚ бұрынғы басшылары
- Сембаев Дәулет Хамитұлы
- Жандосов Ораз Әлиұлы
- Дамитов Қадыржан Қабдошұлы
- Ақмамбет Мәди Қадырбекұлы


