Кіру тәртібі
Кіру тәртібі

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына өз мүшелігіңізді ресімдеу үшін, Сізге ҚҚҚ-на кіру туралы Өтінішті толтыру қажет және оны Қауымдастыққа жіберу керек.

ҚҚҚ Жарғысына сәйкес, мүшелік құрамына қабылдау туралы шешім Қауымдастық Кеңесі өтініш берген күннен бастап бір ай ішінде қабылданады. Өтінішті қарастыру нәтижелері бойынша Сізге міндетті түрде тиісті хабарлама жіберіледі.

ҚҚҚ өз мүшелерінің мүшелік жарналары есебінен жүргізіледі, кіру және ай сайынғы мүшелік жарналардың мөлшерін ҚҚҚ Кеңесі анықтайды. Кіру жарнасы ҚҚҚ-на мүшелік туралы куәлікті алғаннан кейін 2 апта ішінде төленеді.

ҚҚҚ-на мүшелік туралы өтініш (*.docx)

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: +7 (727) 266-77-77, ішкі 126.