Қаржы қызметтерінің сапасын арттыру орталығы
Қаржы қызметтерінің сапасын арттыру орталығы

ҚҚҚ қаржы қызметтері мен қаржылық сауаттылық сапасын арттыру орталығының негізгі міндеттері қаржылық қызметтерді дамытуға және Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыруға, ҚҚҚ мүшелері мен олардың клиенттері арасында тиімді диалогын қалыптастыруға және қаржылық қауымдастықтың беделін көтеруге қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу болып табылады.

Орталық өз міндеттерінің аясында ҚҚҚ мүшелерінің шоғырландырылған ұстанымын қалыптастыру және жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру:

  • қаржылық қызметтердің аясын кеңейту және сапасы;
  • қаржылық қызмет тұтынушыларының қаржылық сауаттылығы деңгейі;
  • қаржы ұйымдары мен мемлекеттің қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесінде, қызмет тұтынушыларының мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу деңгейі,

Бұдан басқа Орталық мыналарды жүзеге асырады:

  • күрделі мәселелерді шешудің өзара қолайлы нұсқаларына қол жеткізу үшін қаржы қызметтері тұтынушыларының және ҚҚҚ мүшелерінің кездесулерін ұйымдастыру және өткізу;
  • жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтерінің сұрақтары бойынша қабылдау және кеңес беру.

Тұтынушылар Орталыққа +7 (727) 266-77-77, ішкі нөмірі 128 арқылы, сондай-ақ біздің сайттың басты бетіне «Өтініш жазу» деген айдарға хабарласа алады.