07.11.2018
1113 cапарлар
Сбербанк Brand of the Year от World Branding Awards сыйлығының жеңімпазы атанды

Лондонда өткен World Branding Awards рәсімінде Сбербанк банктер категориясында жыл бренді деп танылды. Brand of the Year сыйлығының жеңімпаздары әлемнің көптеген елдерінде тұтынушылардың дауыс беруі нәтижесінде анықталады. Марапат беруді ұйғаруда компаниялардың бейінді бизнесіндегі және брендті дамытуындағы жетістіктері негізгі фактор болып табылады. Қорытынды ұпай шығаруда компания үш критерий бойынша бағаланады: нарықты зерттеу, брендті бағалау және тұтынушылардың  онлайн дауыс беруі.

Сбербанк Brand of the Year марапаты тарихында сыйлыққа ие болған бірден-бір ресейлік банк.

Владислав Крейнин, Сбербанк Вице-президенті – Маркетинг жөніндегі директоры: "Бренд жетісітігі  бұл компанияның бизнес-жетістіктерінің нәтижесі. Біздің клиенттік базаның, мобильді қосымшаны күнделікті пайдаланушылар санының артуы, клиенттердің бейілділігі, жаңа өнімдерді дамыту және жарнамалық белсенділік  бұлар  брендтің нарықта дамуының негізгі факторлары болып табылады. Кәсіби қауымдастық біздің жұмысымызды жоғары бағалағанына қуаныштымыз. Бірақ біз үшін бұл  бастама".

World Branding Awards марапаттау рәсімдері штаб-пәтері Лондонда орналасқан World Branding Forum коммерциялық ұйымымен 2014 жылдан бастап өткізіледі. 2016 және 2017 жылдары Сбербанк банктер номинациясында Brand of the Year марапатының иегері атанған.

Сбербанк Brand Finance нұсқауы бойынша ең қымбат ресейлік брендтер рейтингін басқарады және әлемнің 25 ең қымбат банктік брендтері қатарына кіреді.

Соңғы жаңалықтар
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
04.03.2024
Бизнеске жаңа қарыздар беру көлемінің өсуі Президент белгілеген 20 % мақсаттан асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
20.02.2024
2023 жылы тұтынушылардың жоғары сұранысы мен КМС дивидендтері шоғырландырылған бюджеттің кіріс бөлігін қолдады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға арналған ҚР шоғырландырылған бюджетіне шолу ұсынады.
13.02.2024
Елдегі қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар көлемі ЖІӨ көрсеткішінен асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
12.02.2024
Сарапшылар алдағы 12 айдың көкжиегінде жылдық инфляцияның 8,8%-ға дейін төмендеуін күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы ақпандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.