05.02.2024
12032 cапарлар
Еуразиялық банкте басқарманың жаңа мүшесі сайланды

Алматы, 2024 жылғы 2 ақпан - Аскар Хамидуллин басқарманың жаңа мүшесі, банк басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды, ол банктің қаржы блогына жетекшілік ететін болады. Шешімді "Еуразиялық банк" АҚ Директорлар кеңесі қабылдады.

Аскар Хамидуллиннің банк секторында көп жылдық мансабында жинақталған мол кәсіби тәжірибесі бар. 2023 жылдың қараша айына дейін Хамидуллин мырза CFO, "Jusan Bank" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді, оған дейін "First Heartland Bank" АҚ-тың қаржы бөлімшесінің басшысы лауазымында болған еді. Бұған дейін әр жылдарда ол "Citibank (Kazakhstan)" АҚ, "RBS (Kazakhstan)" АҚ, "HSBC Bank Kazakhstan" АҚ-та еңбек еткен.

Директорлар кеңесі оның кәсібилігі мен қаржылық стратегиялар саласындағы сараптамасы жаһандық сын-қатерлер мен нарықтағы өзгерістердің ағымдағы кезеңінде банк үшін өте бағалы болады деп сенеді.

Аскар Хамидуллин Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (Нархоз) "Бухгалтерлік есеп, аудит және ақпараттық технологиялар" факультетін және ҚР Ұлттық Банкінің MBA магистратурасын үздік бітірген.

Соңғы жаңалықтар
01.07.2024
Кәсіпкерлердің несиелері бойынша мөлшерлемелер олардың депозиттеріне қарағанда тез төмендейді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың алғашқы бес айындағы қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелерге шолу ұсынады.
14.06.2024
Орташа және ірі бизнес мөлшерлемелердің төмендеуін күтіп қысқа несиелерді қалайды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
12.06.2024
Мұнай бағасының төмендеуі теңгеге және экономиканың өсу қарқынына қысым көрсетуі мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы маусымдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады
07.06.2024
ӨСК төлемдерінің 78,2%-ға өсуі сектордың рентабельділігіне қысым көрсетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
31.05.2024
Автокөлік иелерінің АҚЖ сақтандыру бойынша сыйлықақылар көлемінің айтарлықтай төмендеуімен сақтандыру төлемдері 17,2%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 1 тоқсанындағы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады
14.05.2024
Экономиканың өсуінің баяулауына және қатаң ССШ сақталуына қарамастан, 1 тоқсандағы кредиттік импульс оң болып қалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.