31.05.2024
5339 cапарлар
Fitch Ratings Bereke Bank рейтингін растады

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ның тұрақтылық (Viability Rating) рейтингін «b»-ден «b+»-ке дейін көтеріп, эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингін «BB» деңгейінде растады.

Тұрақтылық рейтингін көтеру банктің тұрақты өміршеңдігінің жақсарған перспективаларын көрсетеді, бұны қорландырудың күшейіп жатқан профилі мен ақылға қонымды тәуекел профилі айғақтайды.

Bereke Bank әлі де акционердің өзгеруіне байланысты «Rating Watch Negative» байқау тізімінде. Осы рәсімді жүргізу кезінде Агенттік банктің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ы мен Lesha Bank LLC арасындағы алдын ала сатып алу-сату шарты туралы ақпаратқа сүйенеді.

Айта кетерлігі, агенттіктің «Rating Watch Negative» тізіміне бақылауға алуы бұл ықтимал акционерге қатысты берген қандай да бір бағасы емес. Бұл Fitch Ratings үшін болжамды инвестордың компаниялар тобын және акционердің банкті қолдауын бағалауға жұмсалатын уақытты білдіреді.

Bereke Bank-тің жағдайы тұрақты, банк ай сайын пайда тауып келеді, барлық пруденциалдық нормативтерді орындайды және негізгі қаржылық көрсеткіштерді жақсартуда.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Bereke Bank өзінің тұрақтылығын айқындады, бұл KPMG халықаралық аудиторлық компаниясының есебімен расталады. Бүгінде банк реттеуші белгілеген барлық нормативтерді сақтайды, кредиттік портфельдің сапасы үнемі тексеріліп тұрады және клиенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындай алады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 жылы берген №1.2.199/93/31 лицензия

Соңғы жаңалықтар
01.07.2024
Кәсіпкерлердің несиелері бойынша мөлшерлемелер олардың депозиттеріне қарағанда тез төмендейді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың алғашқы бес айындағы қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелерге шолу ұсынады.
14.06.2024
Орташа және ірі бизнес мөлшерлемелердің төмендеуін күтіп қысқа несиелерді қалайды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
12.06.2024
Мұнай бағасының төмендеуі теңгеге және экономиканың өсу қарқынына қысым көрсетуі мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы маусымдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады
07.06.2024
ӨСК төлемдерінің 78,2%-ға өсуі сектордың рентабельділігіне қысым көрсетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
31.05.2024
Автокөлік иелерінің АҚЖ сақтандыру бойынша сыйлықақылар көлемінің айтарлықтай төмендеуімен сақтандыру төлемдері 17,2%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 1 тоқсанындағы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады
14.05.2024
Экономиканың өсуінің баяулауына және қатаң ССШ сақталуына қарамастан, 1 тоқсандағы кредиттік импульс оң болып қалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.