12.01.2022
10554 cапарлар
ForteBank Басқарманың жаңа төрағасы тағайындалғаны туралы хабарлайды

ForteBank-тің Директорлар кеңесі Басқарма төрағасының кандидатурасын мақұлдады, Басқарма төрағасы болып Рейнис Рубенис тағайындалады. 01.08.2021ж. бастап Басқарма төрағасының міндеттерін атқарған Шолпан Нурумбет басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі ретінде қызметтін жалғастырады.

Рейнис Рубенис соңғы 25 жыл бойы Еуропаның қаржы нарықтарында жұмыс істеп келеді, ол компанияларды жетекші орындарға шығаратын тәжірибелі және тиімді басқарушы тұлға ретінде танымал. Соңғы 14 жылда Рейнис Латвиядағы ең ірі банк Swedbank-те қызмет атқарды, оның ішінде 5 жыл Басқарма Төрағасы қызметінде болды. Сондай-ақ, Рейнис Nasdaq Латвия директорлар кеңесінің мүшесі және Латвияның орталық депозитарийі директорлар кеңесінің мүшесі болды. Рубенис мырзаның жетекшілігімен Swedbank командасы активтері мен клиенттерінің саны бойынша Латвия нарығында көшбасшы болды, цифрлық қаржылық сервистерді сәтті енгізіп, елдің ең күшті HR брендін қалыптастыра алды.

Жаңа CEO негізгі стратегиялық бағыттарға – процестердің тиімділігін арттыруға және нарыққа жаңа сервистерді жеткізу жылдамдығын арттыруға назар аударады. Клиенттер тәжірибесін басқарудағы эволюция, еуропалық институттың корпоративтік мәдениетті дамыту, сондай-ақ жергілікті және жаһандық компаниялармен серіктестік бағдарламаларын құру алдағы өзгерістердің маңызды негізі болады.

Рейнистің тағайындалуына қатысты пікір білдіру барысында ForteBank мажоритарлық акционері Болат Өтемұратов келесілерді атап өтті:

«Рейнистің жоғары бәсекелес нарықтарда жетекші қаржы институттарын құру және едәуір кәсіби сараптама жасау тәжірибесі бар. Рейнис өзінің көпжылдық мансабында оның мықты тұсы нарық қатысушыларымен, реттеушілермен және серіктестермен өзара тиімді қарым-қатынас орнату қабілеті екенін дәлелдеді. Оның тәжірибесі мен күш-қуаты банкке өз клиенттері үшін ең жақсы тұтынушылық тәжірибе қалыптастыруға көмектеседі және бүкіл команданы табысқа жетелейді.»

Рейнис Рубенис те қызметінің жаңа кезеңі туралы оң пікір білдірді:

“Мен Forte-нің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын және акционерлерге көрсеткен жоғары сенімі үшін алғыс айтамын. Мен өз тарапымнан банктің табысы мен әрбір клиенттің әл-ауқатын нығайту үшін барлығын жасайтынымды сенімді түрде айтқым келеді. Бүгіннен бастап біз Forte-ні клиенттердің сенімі мен сүйіспеншілігіне ие еуропалық банк ретінде қалыптастырамыз».

Соңғы жаңалықтар
16.05.2022
Өмірді сақтандыру нарығы өткен жылғы зейнетақы аннуитеттерінің серпілісінен кейін жоғарға шықты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.
12.05.2022
Сарапшылардың көпшілігі Ұлттық Банктің "қаршыға" өтініштеріне қарамастан, ақша-кредит саясатының одан әрі қатаюын күтпейді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздің назарыңызға 2022 жылғы мамырдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
12.05.2022
ҚР-да барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің 84% - ы онлайн жасалады, бірақ нарық қанығу нүктесіне жақындап келеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың 1 тоқсанына қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
06.05.2022
Қазақстанда корпоративтік несиелендірудің озық өсімі байқалады-бизнеске 2,7 трлн жаңа несие берілді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың 1 тоқсанындағы Қазақстанның банк секторының шолуын ұсынады.
05.05.2022
Жалпы сақтандыру компанияларының табыстылығы айтарлықтай ерекшелене бастады — минус 19%-дан плюс 15%-ке дейін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.
05.05.2022
Бірінші тоқсанда республикалық бюджетке салықтық түсімдер екі есеге артты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың 1 тоқсанындағы ҚР шоғырландырылған бюджетіне шолу ұсынады.