02.11.2021
20325 cапарлар
Halyk Bank Басқармасындағы өзгерістер

2021 жылғы 1 қараша, Алматы - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк, Halyk Bank) Директорлар кеңесінің шешімімен Банк Басқармасының құрамында мынадай өзгерістер болды:

  • 2021 жылғы 28 қазаннан бастап Антон Германович Мусин "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқармасының құрамына кірді және Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Антон Германовичтің бөлшек және корпоративтік клиенттер үшін сервисті дамытуға бағытталған банктер мен қаржы ұйымдарында технологиялық инновациялар мен өнімдерді әзірлеу және енгізу саласында мол тәжірибесі бар, соның ішінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Қазкоммерцбанк" АҚ интеграциясы кезінде Accenture Ltd. консультанттар тобын басқарған.

Мусин А.Г. бұрын Xerox Ltd. (Мәскеу, РФ) жүйелік талдаушы/жобалар менеджері, Accenture Ltd. кеңесшісі/менеджері (Мәскеу, РФ), KPMG аға менеджері (Мәскеу, РФ), "Аксенчер ПЛС" (Ұлыбритания, Гибралтар), Accenture Ltd. басқарушы директоры (серіктесі) (Дубай, БАӘ), "Аксенчер" ЖШҚ" жүйелік интеграция және технологиялық консалтинг" департаментінің басқарушы директоры лауазымын атқарған.

2019 жылғы сәуірден бастап "Қазақстан Халық банкі" АҚ-да тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі; 2020 жылғы маусымнан 2021 жылғы қазанға дейін - төрағаның бірінші орынбасары. 2021 жылғы 28 қазанда "Қазақстан Халық банкі" АҚ Басқарма құрамына кіріп, Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазіргі уақытта "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқарма мүшелері:

Шаяхметова У.Б., Боданов А.Ж., Карпыкова А.С. Көшенов, М.Ұ., Мамұтов Ж.Ж., Мусин А.Ж., Салимов Е. И., Сартаев Д. Ж., Смагұлов А.С.

Halyk Bank PR-қызметі

Тел.+7 727 330 17 19, | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

Соңғы жаңалықтар
16.05.2022
Өмірді сақтандыру нарығы өткен жылғы зейнетақы аннуитеттерінің серпілісінен кейін жоғарға шықты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.
12.05.2022
Сарапшылардың көпшілігі Ұлттық Банктің "қаршыға" өтініштеріне қарамастан, ақша-кредит саясатының одан әрі қатаюын күтпейді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздің назарыңызға 2022 жылғы мамырдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
12.05.2022
ҚР-да барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің 84% - ы онлайн жасалады, бірақ нарық қанығу нүктесіне жақындап келеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың 1 тоқсанына қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
06.05.2022
Қазақстанда корпоративтік несиелендірудің озық өсімі байқалады-бизнеске 2,7 трлн жаңа несие берілді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың 1 тоқсанындағы Қазақстанның банк секторының шолуын ұсынады.
05.05.2022
Жалпы сақтандыру компанияларының табыстылығы айтарлықтай ерекшелене бастады — минус 19%-дан плюс 15%-ке дейін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.
05.05.2022
Бірінші тоқсанда республикалық бюджетке салықтық түсімдер екі есеге артты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың 1 тоқсанындағы ҚР шоғырландырылған бюджетіне шолу ұсынады.