03.11.2026
Алаяқтар жасанды интеллектіні барған сайын жиі қолдануда: алданып қалмау үшін не істеу керек
Жасанды интеллект күнделікті міндеттерді шешуге көмектеседі, бірақ алаяқтардың қолында алдау құралына айналады. Оның көмегімен қаскүнемдер дауыс пен бейнені қолдан жасайды, банктер мен мемлекеттік органдардың атынан сенімді хабарламалар құрастырады, сондай-ақ жалған инвестициялық жобаларды жарнамалайды. Бұл ретте алаяқтықтың әдеттегі белгілері – мәтіндегі қателер, табиғи емес сөйлеу және күмәнді суреттер – барған сайын аз байқалады. Неліктен бүгінде таныс дауысқа немесе шынайы көрінетін бейнеге де сенуге болмайтынын және ақшаңызды қалай қорғауға болатынын Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.