14.11.2022
2269 cапарлар
2022 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі өтеді

2022 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласында «ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР» атты Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі өтеді. Іс-шараны Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Дәстүр бойынша қаржыгерлер конгресі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторының маңызды мәселелерін талқылайтын негізгі диалог алаңы болып табылады. X Конгресс шеңберіндегі пікірталас тақырыбы мемлекеттің және Қазақстанның қаржы институттарының экономиканы несиелеудегі рөлі, қаржы және нақты сектор ынтымақтастығының синергиясы болады, сондай-ақ цифрлық теңгенің тұсаукесері өтеді. Панельдік сессиялар шеңберінде қаржылық мүдделерді қорғау үшін сақтандыруды дамыту, Қазақстанның қор нарығындағы ахуал және институционалдық инвесторлардың әлеуеті, сондай-ақ қаржылық қолжетімділікке цифрлық көзқарас саласындағы қаржы секторы үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер талқыланады.

Биылғы жылы Конгресс гибридті форматта өтеді. Конгресстің толық бағдарламасы fincongress.kz сайтта қол жетімді болады. Сол ресурста Конгресстің фотосуреттері, қатысушылардың деректері және басқа материалдар жарияланады. Пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастардың Онлайн-трансляциясы fincongress.kz сайтта және ҚР ҰБК-Қазақстан Ұлттық Банкі - YouTube ресми YouTube каналында ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.
29.03.2024
2023 жылы зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныстың күрт өсуі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.03.2024
Байқалған және күтілетін инфляцияның өсуі ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру циклін тоқтата тұруы мүмкін
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
05.03.2024
2023 жылғы жиынтық сақтандыру төлемдері 38,5%-ға, алушылар саны 21,4%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.