08.08.2019
9855 cапарлар
Altyn Bank халықаралық біріктірілген қарыздың жетекші ұйымдастырушы және банк қатысушысы ретінде қатысты

Altyn Bank (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) біріктірілген қарыз шеңберінде «Кишлок курилиш банк» АКБ (Өзбекстан Республикасы) банкін сомасы 3 миллион доллармен қаржыландырды, уәкілетті жетекші ұйымдастырушысы болып ресейлік «Транскапиталбанк» ҚАҚ қатысты.

Мәміле қатысушылары ретінде, Altyn Bank басқа, 6 ресейлік қаржы институттары да атанды. Несие қарыз алушыға жалпы корпоративтік мақсаттарға, сондай-ақ қарыз алушының клиенттерінің сауда келісімшарттарын қаржыландыруға мерзімі бір жылға берілді.

«Аталған кіріктірілген қарыз, ауқымды экономикалық реформаларды іске асырушы Өзбекстан мемлекетінің банк жүйесі тарихында бірінші рет болып отыр», - деп түсіндірді Altyn Bank басқарма төрағасының орынбасары Жанар Айқымбаева, - және де біз осы алғаш рет жасалып жатқан мәміленің өзбекстандық және ресейлік әріптестер арасында ұзақ мерзімді серіктестіктің басталуына жол ашады деп сенеміз. Бұл мәміле – Altyn Bank қатысқан үшінші халықаралық синдикат болып табылады. Біз бұдан кейін де өзіміздің стратегиямызға сәйкес келетін халықаралық бизнес бағытын белсенді түрде дамытуға ниеттеміз».

2018 жылы Altyn Bank халықаралық синдикат қатысушысы атанды және «Белинвестбанк» ААҚ (Беларусь) банкін сомасы 3,5 миллион евроға және «АСБ Беларусбанк» ААҚ (Беларусь) банкін 4 миллион евроға қаржыландырды.

Соңғы жаңалықтар
19.05.2026
Жалпы сақтандыру компанияларының сыйақылары 2,9%-ға төмендеді, ал төлемдер 24,2%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығына арналған шолуды ұсынады.
19.05.2026
Активтердің өсуі нәтижесінде өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ірі институтционалдық инвесторлардың рөлін күшейтіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.
18.05.2026
Мұнай бағасының жоғарылауы аясында сарапшылар ЖІӨ өсімі бойынша болжамды 5% деңгейінде сақтап қалды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы мамырдағы жекелеген индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
13.05.2026
Резервтердің әлеуеті жоғары болғанымен, іргелі ағындардың әлсіреуі байқалады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы сыртқы сектор шолуын ұсынады.
12.05.2026
Пайда мен пайыздық спрэдтің азаюына қарамастан банктер несие беруді үдетіп жатыр
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның банк секторы бойынша 2026 жылдың 1-тоқсанына арналған шолуды ұсынады.
21.04.2026
2025 жылы Қазақстан импортының шамамен 30%-ын Ресей Федерациясы қамтамасыз етті
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымына жасалған шолуды ұсынады.