11.07.2022
11172 cапарлар
Еуразиялық банк басқармасының жаңа мүшесі сайланды

11 шілде, Алматы  —  "Еуразиялық банк" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2022 жылғы 7 шілдеден бастап банк басқармасының жаңа мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары болып ІТ блогының басқарушы директоры Ғазиз Ермеков сайланды.

Жаңа лауазымында Ермеков мырза ақпараттық технологиялардың дамуына және банктің операциялық қызметіне жетекшілік ететін болады.

Сондай-ақ директорлар кеңесінің шешімімен басқарма құрамынан Александр Наумов шығарылды.

Осылайша 2022 жылғы 7 шілдеден бастап банк басқармасының құрамына басқарма төрағасы ретінде Валентин Морозов, басқарма төрағасының орынбасарлары ретінде Наталья Дружинина, Иван Белохвостиков, Ләззат Сатиева, Сабыржан Бекбосынов, Ерланбек Қаппар және Ғазиз Ермеков кірді.

Басқарма төрағасының жаңа орынбасары Ғазиз Ермеков 37 жаста. Ол өзінің еңбек жолын "Теңізшевройл" ЖШС-да бастады, әр жылдары БТА банкі, Kaspi Bank, Электрондық қаржы орталығы, Қазақстандағы Қытай Банкі сияқты ірі қаржы ұйымдарында жұмыс істеді. Еуразиялық банк командасына 2022 жылғы ақпанда қосылды.

2006 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Басқару жүйелерін автоматтандыру және ақпараттандыру" мамандығы бойынша аяқтады. 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінде "Қаржы" мамандығын игерді. 2018 жылы Innovative University of Eurasia университетінде Master of Business Administration дәрежесін алды. Ал 2020 жылы Management & Marketing Universal Business мектебінде MBA General Management дәрежесіне ие болды.

"Еуразиялық банк" АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі 3046.

press@eubank.kz

Соңғы жаңалықтар
14.05.2024
Экономиканың өсуінің баяулауына және қатаң ССШ сақталуына қарамастан, 1 тоқсандағы кредиттік импульс оң болып қалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.
13.05.2024
Сауда балансының профицитін жақсартуды және Ұлттық қордан шетел валютасын сатуды теңге маусым айында қолдайды — сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы мамырдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
03.05.2024
QR арқылы төлем көлемі POS-терминалдар арқылы есеп айырысуды дерлік қуып жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
18.04.2024
Қор нарығын капиталдандыру 31 трлн теңгеге дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
10.04.2024
Мұнайдың жоғары бағасы өндірістің ықтимал қысқаруына қарамастан ҚР экономикасының өсуін қолдай алады — дейді сарапшылар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2024
Қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қарыздарын кейінге қалдыруды ұсынады
Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер су тасқыны кезеңінің салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды.